«ОРДАБАСЫ» АТЫРАУДА ТЕҢ ОЙЫН КӨРСЕТТІ

«Атырау»- «Ордабасы» 2-2
Гол салғандар: Нөсербаев 14, Абдрахманов 52, Саломов 59, Нұрғалиев 85, 11-пенальти

«Атырау» командасы чемпионатты қиындықпен бастағаны белгілі. Дегенмен жаңа бапкердің келуімен команданың өрлеу кезеңі басталды. Содан болар алаң иелері өз жерінде өзге командаға ұпай ұстата салмасы белгілі болды. «Ордабасыда» осал команда емес.Соңғы матчтарын жеңіспен өткізіп жүрген Алексей Петрушин шәкірттері бүгінде өз жолынан жаңылған жоқ. Кездесудің 14-минутында қонақтардың сапында Таңат Нөсербаев баспен бағыттап алғаш болып есеп ашты. Есеп 0-1


Осы голдан дейін «Атырау» толық шабуылдаушы тактикаға көшті. Осындай шабуылдар нәтижесінде Абдрахманов айып алаңындағы қарбаласта гол салып есепті теңестірді. Есеп 1-1.
Бұдан кейін алаңда нағыз кескілескен дода басталды. Алма кезек шабуылға көшкен екі команда да тартынып қалмады. Қалмұратов пен Саломовтың өз ара пас алмасуы «Ордабасы» қорғаушыларының қыралығына сызат түсірді. Саломовтың айып алаңының ортасында қайтқан допты қайыра соғуы «Атырауды» алға шығарды. Дегенмен осы гол жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Ойыншы ойыннан тыс қалғандай әсер қалдырды. Есеп 2-1.
Кездесудің 85-ші минутында «Ордабасы» шабуылуын қорғаушылар айып алаңында ойын ережесіне сай емес өрескілдікпен тоқтатты. Қостанайлық төреші Вишниченко 11- метрлік айып добын белгіледі.Осы сынақтан сүрінбеген Азат Нұрғалиев тамаша гол салды. Есеп 2-2.
Соңғы минутта Саломовтың ышқына тепкен соққысын қақпашы Нурмухамедов асқан қиындықпен қайтарып үлгерді. Тең есепті өзгертудің басқа амалы болмады. Қорытынды есеп 2-2 күйінде сақталып қалды. «Атырау»,»Ордабасы» үшін қиын қарсылас екенін екі ойында да дәлелдей білді.
Енді жерлестеріміз 20-шы мамыр күні өз алаңында «Ақтөбе» футболшыларымен күш сынасады. Алаң иелеріне жеңіс тілейміз. «Ордабасы» Алға!

авторы: Ілияс Жолдас ,ФК «Ордабасы»

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*