ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАЛА ӘКІМІ АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Биылғы жыл Шымкенттік футбол жанкүйерлері үшін жемісті болды. «Ордабасы» командасы тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Бұған дейін «Ордабасы» клубы ешқашан ел біріншілігін жеңіп көрмеген еді. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков биыл футболдан Ел чемпионатының жеңімпазы болған «Ордабасы» клубын салтанатты түрде құттықтады.

«Ордабасы» командасы 25-турда өз алаңында қарағандылық «Шахтер» клубын қабылдап, ел біріншілігінің аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондығын рәсімдеді. Чемпиондық матч Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өтіп, су жаңа чемпиондар 3-1 есебімен басым түсті.
Марапаттау кешінде қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді.
— «Ордабасы» кәсіби футбол командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Бұл — біздің қаламыз үшін маңызды жеңіс. Сіздерді тарихи жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Осы жеңістің арқасында Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарына жолдама алып отырмыз, — деді қала әкімі.
Сонымен қатар, қала басшысы: «Ордабасы» командасының әр ойынында стадионымыз жанкүйерге толды. Бұл — қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығы артқандығының белгісі. Осы жеңіске жанкүйерлеріміздің осылай қолдау көрсетуінің арқасында жеткенімізді атап өту қажет», — деп, жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ қала әкімі «Ордабасы» ойыншыларына УЕФА Чемпиондар лигасындағы кездесулеріне сәттілік тілей отырып, ел намысын қорғап, Шымкент қаласының мәртебесі мен мерейін асыратындарына сенім артты.
«Көрме» орталығында өткен салтанатты кеште бас бапкер мен жаттықтырушылар арнайы марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*