Түркістанға туристер 6 айда 1 жарым миллиардқа жуық ақша қалдырыпты

Түркістанға биылғы жылдың 6 айында 678 683 турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  92 мың 291 адамға артқан.  Туристерден түскен  табыс 1 млрд. 496,5 млн. теңгені құрапты.  Бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті. Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген  «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады.  Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр.«Қазір «Көне Түркістан» концепциясының алғашқы кезеңін іске асыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қарсы бетінде орналасқан 12,8 гектар жер аумағында бұзылуға жататын 129 тұрғын үйді мемлекеттік қажеттілікке сатып алу үшін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сатып алу шаралары  заң талаптарына сай іске асырылатын болады. Бұл жобаның жалпы құны шамамен — 7 850,6 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде – 1 290 млн. теңге 129 үйді сатып алуға, 800,0 млн. теңге инфрақұрылымға қаралған», — деді Әліпбек Шәріпбекұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*