Түркістанда 50 гектарға жуық жерге этносаябақ салынбақ

Түркістан қаласының оңтүстік шығыс бетіндегі 45,0 гектар жер аумағына этносаябақ салу жоспарлануда. Этносаябақта ұлттық нақыштағы ойын-сауық орындары, ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынатын нысандар, ашық аспан астындағы демалыс орындары мен киіз үйлер орналасатын болады. Осы этносаябақта туристерге орта ғасырлық көшелердің көріністерімен сол кездің мәдениетін тамашалай алатындай мүмкіндіктер жасалады. Сонымен қатар, облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер жөнінде мағлұмат беретін ашық аспан астындағы макеттер орналастырылады. Саябақта ескі тарихи көлшік қайта қалпына келтіріледі.Ал, үшінші кезеңде орталық Есімхан алаңымен Әмір Темір көшесі аралығында С.Қожанов, Байбұрт көшесі, жаяу жүргіншілер арбатты қайта жарақтандырып, жаңалау жоспарда бар.  Бұдан бөлек, қаладағы табиғи қорды пайдаланып емдік-сауықтыру туризмін дамыту көзделуде.  Өйткені Түркістан қаласы аумағында жер асты термалды су жүйелерінің мол қоры бар.  Осы су көздерінің қатарында құрамы «Трусковец» (Украина), «Витаутас» (Литва) және Ново-Ижевская (Удмуртия) емдік  жер асты суларына теңдес «Шипа-су» шипажайы орналасқан.  Бүгінгі таңда шипажай басшысымен келісіп, мекеменің жұмысын жандандыру үшін тиісті шаралар жүргізілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*