Ордабасының әкімі ардагерлермен бірге ауылдарды аралап қайтты

Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің Ордабасы ауданындағы өкілдігінің төрағасы Г.Дәнешұлы Қажымұқан ауыл округінде ағымдағы жөндеуден өткен жолдарды аралап көрді. Биыл бұл ауыл округінде жалпы соммасы 121 млн. 662 мың теңгеге 13,5 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Кейін аудан басшысы ардагерлерді биыл пайдалануға берілетін 14 коммуналдық үйдің құрылысымен таныстырды. Мердігерлер бүгінде сыртқы жұмыстардың аяқталуға таяу екенін айта келе, нысанның белгіленген уақыттан кешіктірілмейтінін атап өтті.
Тұрғын үй құрылысын аралап болған соң, қариялар Автоматтандырылған Газ тасымалдау стансасына (АГТС) ат басын бұрды. «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбырының 1393 шақырымындағы №19 «Темірлан» АГТС-нің және Темірлан ауылы арқылы арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырын салу үшін жалпы 4 млрд. 375 млн. 703 мың 212 теңге қаралған. Құрылыс монтаж жұмыстары 2015 жылы басталған, 2017 жылдың аяғына нысанды тапсыру жоспарланып отыр. «Дос и К» ЖШС директорының орынбасары С.Қалиақпаровтың мәлімдеуінше, құрылыстың сапасына бақылау күшейтілген. Бүгінгі таңға қондырғылардың 65-70 пайыз жұмысы аяқталған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*