Ордабасыда мал бордақылайтын 167 алаң ашылды

2017 жылдың қаңтарынан Ордабасы  ауданындағы ірі қара мал 21400-ге, жылқы 4900-ге, түйе 227 басқа артқанын айта кеткен жөн.Сондай-ақ, ауданында жыл басынан бері 167 мал бордақылау алаңы ашылған. Атап айтқанда, Қараспан ауылдық округінде 34 аулада етті бағыттағы мал бағу қолға алынса, Бөржар ауылдық округінде 30, Шұбар ауылдық округінде 28 мал бордақылау алаңы жұмысын бастаған. Енді жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 277-і бірлікке жеткізу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сонымен қатар, биыл Ордабасылық шаруалар 17617 гектарға себілген дәнді дақылды  шашпай-төкпей уақытылы қамбаға құйған. Атап айтқанда, 16367 гектарға егілген бидай мен 1250 гектарға орналастырылған арпаға уақытылы орақ түскен. Орташа түсімі гектарынан 18,2 центнерді құраған бидайдан 30 мың тоннадан астам өнім бастырылса, 1610 тонна арпа жиналыпты.

Естеріңізге салайық, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен 4 тамызда Рашид Қайыпжанов Ордабасы ауданына әкім болып тағайындалды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*