Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына жақын орналасқан Ордабасы ауданында биыл ақ егістің көлемі 17617 гектарға жетеді. Нақтырақ айтқанда, оның ішінде ас атасы бидай — 16 367 гектарға, арпа 1250 гектарға егіліп отыр. Яғни, бұны былтырғы жылдармен салыстырғанда анағұрлымға көп. Биылғы ауа райы шаруалар үшін қолай болғанына да айта кеткен жөн. Сол себепті де бүгінгі таңда Ордабасылық шаруалар өнімнің барлығын жиып-теріп, көңілін демдеп отырған жайы бар.Бұл өте қуантарлық жаңалық десек артық болмас. Себебі, ала жаздай еткен еңбектің ойдағыдай ақталғаны дихандардың бағының жаңғаны деуге болады. Биыл егістің әр гектарынан түскен өнімінің мөлшері де көңіл қуантады. Нақтырақ айтқанда, өнімнің орта түсімі гектарына 18,2 центнерді құрап отыр. Бұл дегенің тамаша көрсеткіш дейді мамандар. Осының арқасында Ордабасы аудан бойынша 30 385 тонна бидай, 1610 тонна арпа жиналғанын айта кеткен жөн. Иә «нан болса, ән болады» демекші, шаруалардың қамбасы астыққа толса, дүйім жұрттың көңілі тоқ болары хақ.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасы ауданының 7 айдағы кірісі 623 миллионнан асқан
Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті XVII сессиясы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, алғашқы сөзді аудан әкімі Рашид Қайыпжанов алып, 7 айда атқарылған жұмыс барысын баяндады. Жалпы 2017 жылы Ордабасы ауданында негізгі әлеуметтік даму көрсеткіштерінің өсімі байқалды.Жыл басында бюджет […]
ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРІ ӘРІПТЕСТІК АЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК
Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов Түрік елінің кәсіпкерлерімен кездесіп, әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Нигде /Nigde/ қаласында бау-бақша саласын дөңгелетіп отырған бұл компанияның атауы «Алма-Ата» . Бүгінгі таңда өз еліндегі үздік үштіктің қатарынан табылатын бұл компания […]
Ордабасыда жыл басынан бері атқарылған жұмыстар сараланды
Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті XVII сессиясы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, алғашқы сөзді аудан әкімі Рашид Қайыпжанов алып, 7 айда атқарылған жұмыс барысын баяндады. Жалпы 2017 жылы Ордабасы ауданында негізгі әлеуметтік даму көрсеткіштерінің өсімі байқалды.Жыл басында бюджет […]
Пікір қалдыру