Шардара ауданындағы үдемелі индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорын жылына 600 тонна балық өндіреді. Қазір өндіріс орнында 30 адам жұмыспен қамтылған. «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағалалы аймақта балық өңдеумен айналысатын төртінші кәсіпорын. Өндіріс орнын ашу үшін кәсіпкер әуелі 58 млн. теңге қаржы шығындады. Істі ілгерілету үшін мемлекет қолдауына да иек артты.Сөйтіп, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялар орталығы арқылы 42 млн. теңге несие алды. Бүгінде балық өңдеу зауытына Арал, Көксарай мен еліміздің батыс аймақтарынан да тонналап шикізат жеткізіледі. Одан мұндағы мамандар филе, мұздатылған және ысталған балықтың түр-түрін өндіреді. Зауыт жұмысының ерекшелігі сол, қалдықсыз технологияны басшылыққа алған. Өнімі сапалы Шардара балығының 70 пайызы Еуропа елдеріне экспортталуда. Кәсіпорын алдағы уақытта балықты өздері өсірмек. Айту керек, Шардарадағы бұған дейін ашылған «Хамит», «Шардара балық-1» және кәсіпкер Талғат Жалғасбаевтың балық өңдеу зауыттары былтыр 4 мың тоннаға жуық 3 млрд. 2 млн. теңгенің балығын өңдеген. Ал, «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашылуымен биыл бұл меже тағы 30 пайызға артатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Шардарада бірнеше нысанды аралап көрді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сәкен Қаныбеков пен Мәнсұрхан Махамбетов Шардара ауданына іс-сапармен барып, бірнеше нысандардың басында болды. Шардара су қоймасы жағалуында болған халық қалаулыларына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай туризм саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан […]
Шардарада балық шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорында 300 тоннаға жуық балық бар
Жалпы Шардара ауданында балықты қолдан өсіру және молайту шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорын болса, оларда бүгінде 300 тоннаға жуық балық өсіріліп жатыр. Сондай-ақ, Шардара ауданында алдағы уақытта балық өңдеумен айналысатын тағы да екі шағын кәсіпорын ашу […]
Шардарада құқықтық көмек көрсету орталығы жұмысын бастады
Шардарада аудандық прокуратура және аудан әкімінің қолға алуымен «Құқықтық көмек көрсету орталығы» құрылып, өз жұмысын бастады. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың бастамасымен бастау алған «Халыққа арналған прокуратура» атты өзгерістер бағдарламасы аясында жүзеге […]
Пікір қалдыру