Оңтүстік спортшыларының мерейі үстем

Оңтүстік Қазақстан облысында спорттың 63 түрі дамытылып, 87 мемлекеттік спорт мекемелерінде 54 мың спортшы күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Жоғарыда аталған спортшыларды оңтүстікқазақстандық 2400-ге жуық жаттықтырушы күнделікті спорттың қыр-сырына баулып, жүйелі жаттықтырады. Биылғы жылдың 8 айында бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында жалпы 3060 спорттық іс-шара  өткізіліп, оған  360 мыңнан аса адам қатысқан. Облыстағы  дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыстық қазынадан 12,4 млрд. теңге қаралған. Есепті мерзімде оңтүстікқазақстандық сайыпқырандар спорттың 63 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып 391 – алтын, 384 – күміс, 378 – қола медаль иеленсе, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары 7 алтын, 3 күміс және 24 қола медаль жеңіп алды.

Биыл өңірдегі аудандар мен қалаларда  демеушілер есебінен 20 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.

2017 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 734,9 мыңға жуық адамды құрап, өңірдегі барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 25,7% жетті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*