Отырарлықтар халықаралық қарттар күнін атап өтті

Бүгін Отырар ауданында 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Аудан өнерпаздарының сахналық көрінісімен бастау алған шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов қазыналы қарттарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде, «Біз үшін ортамызда жүрген қарияларымыздың кезінде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ұмытылмас тарих, баға жетпес үлгі-өнеге. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-бабамыз ұстанған дәстүрлерді одан әрі жалғастыру бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екендігін айтқан болатын»,-деді. Шара барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манапов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев, ардагер ұстаз Гүлзейнет Әлмешовалар сөз алып, мерекеге орай өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, қызу құттықтады. Мерекелік шарада қариялар мен ардагерлерге аудан әкімі арнайы Құттықтау хаттары мен заттай сый-сыйапаттар тарту етті. Мерекеге орай арнайы дастархан жайып, құрмет көрсеткен аудан әкімдігіне Соғыс және Еңбек ардагері Сәбит Тұрғанбай қария өзінің ақ батасын беріп, аудан қариялары атынан алғыс айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*