Отырар ауданы мәслихатының депутаттары «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанды

Бүгін Отырар аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін арнайы тамашалау үшін сапарға аттанды. Әлемнің жүзден аса мемлекеттері қызу атсалысып жатқан шараны тамашалау мақсатымен жолға шыққан халық қалаулыларына өздерінің ниеттестігін, тілектестігін білдірген отырарлық ағайындар жерлестерін зор құрметпен Елордаға шығарып салды. Бұл күні Отырар ауданының өнерпаздары ән-күйден шашу шашып көпшілік көңілін көтерсе, осы шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов депутаттарға ақ жол тіледі. Сонымен қатар, астаналықтарға отырарлық ағайындардың ыстық сәлемін жеткізуді тапсырды. Астанадан оралған соң дүниежүзін тамсандырып, таңдандырып жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ғажайыптарымен және алған әсерлерімен аудан тұрғындарымен бөлісудің маңыздылығына тоқтала кеткенін айта кеткен жөн. Отырар аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сатыбалды Жаңабай Елордаға жол тартқан жерлестерімізге ізгі ниетін білдіріп, ақ жол тілеп, ақ батасын берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*