Оңтүстік өнімдері Астанаға жол тартпақ

Астанадағы ЭКСПО көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысының 35 ірі кәсіпорны 28 түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінен 13 мың тоннаға жуық, дәлірегі 12976 тонна азық-түлік жеткізуді жоспарлап отыр.

Солардың бірі, Қазығұрт ауданынына қарасты Қақпақ ауылындағы «Қарқын-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2009 жылы іске қосылған кәсіпорын шұжық өнімдерін өндірумен айналысады. Зауытта «Нәрлен» сауда  белгісімен таңбаланған шұжықтың 60-қа тарта түрі дайындалады. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 1,5 тоннаға дейін жетеді. Кәсіпорын басшысы Нұрғали Әбдібаевтың айтуынша, халықаралық көрменің ұйымдастырылуына байланысты ондағы өнімділік 5 тоннаға дейін артқан. Нәтижесінде, еліміз үшін маңызды шара кезінде көрме конақтарына аталған серіктестіктен 15 тонна шұжық өнімдері жөнелтілмек. Ал оларды тасымалдайтын 12 көлік сақадай сай.

Сонымен қатар, Сайрам ауданында орналасқан «Манкент Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2016-жылы құрылған. Бүгінде 1200-ге жуық шаруа қожалығы мүшелікке енген. Серіктестік, негізінен көкөніс, жеміс-жидек пен дәнді дақылдар өсіреді. Коопертивтің жалпы жер көлемі 5489 гектар болса, оның ішінде суармалы  жер 2100 гектарды құрайды.  Сайрамдық шаруалар ЭКСПО көрмесіне 1690 тонна көкөніс өнімдерін жеткізуді  жоспарлап  отыр. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы  Н.Көпеевтің айтуынша, шаруаларға жеңілдік жасау мақсатында олардың жол  және автокөлік шығындары демеушілер тарапынан ұйымдастырылуда. Баға тиімді  болса, сайрамдық шаруалар ЭКСПО көрмесіне  4000 тоннаға  дейін  өнім  апаруға  ынталы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*