Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін Шымкенттегі облыстық орыс драма театрында «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын, жетістіктерін насихаттайтын «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген екі кітаптың тұсауы кесілді. Жиында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев екі кітаптың мазмұны мен мәніне ерекше тоқталып, жиналғандарды Астана күнімен құттықтады.

 «Бүгін тұсауы кесілген «Жаһан таныған жеті тұлға» — аты айтып тұрғандай әлемге әйгілі болған реформаторлар туралы кеңінен толғанып жазылған дүние. Әрине олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырудағы қиын да, күрделі кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітаптың да өзіндік ерекшелігі бар. «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар көп»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*