ОҚО-да Астана күні мерекесіне орай, бірнеше азамат «облысқа сіңірген еңбегі үшін» төбелгісін тағынды

Оңтүстікте Астана күніне орай, «Асқақтай бер, Астана!» атты концерттік бағдарламасы ұйымдастырылған болатын. Шара барысында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы  бірқатар азаматтың омырауына «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақты. Марапатталғандардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істер жөніндегі департаментінің басшысы Талғат Әліқұлов, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Али Көмекбаев сынды тағы басқа азаматтар бар.

Концерттік бағдарлама барысында «Дала даналығы» биін мың бұралған бишілер  — «Қазына» би  ансамблі орындап, «Тұмар» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен  Қаракөз Абдушарипова, Өсербай Бөріханов, Тұрар Әлменов, Алтынай Әкім, Бағдат Сейітбековтер  Елбасының сүйікті әндерінен попурри шырқап, №2 Саз  мектебі және қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы оқушыларының «Асқақтай бер, Астана!» поэтикалық-сазды композициясына ұласады. Іс-шараның соңында  барлық іс-шара қатысушылары  Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әнін  әуелетті.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*