«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.Нақтырақ айтқанда Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылатын болады. Оңтүстік күндерінің алғашқы шарасы шет ел мемлекеттерінің Қазақстандағы 30-дан астам елшілері қатысатын бизнес-форуммен ашылатынын да айта кету керек. Сонымен қатар, бес күнге созалатын дүбірлі тойда оңтүстік қазақстандық өнер майталмандары «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!»өнер керуені, «СәлемАстана!, Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттерін ұсынса, өңіріміздің тарихи құндылығымен ерекше мәдени келбетін дәріптейтін көрнекті жәдігерлердің көрмесі мен тарихтан сыр шертетін суретшілер мен қолөншілер бұйымдарының көрмелері өткізіледі. Бұдан бөлек, астаналықтар қаланың сол жағалауындағы «Бәйтерек» алаңында бір мезетте 600 жас домбырашының орындауындағы күйді тамашалай алады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-лық өнертапқыш жасаған «Qazaq Arbasy»-ның құны 5 миллион теңгені құрайды
«Qazaq Arbasy»-ын құрастыруды Еркінбек Тәженұлы биыл бастаған. Сөйтіп 8 айда ойлап тапқан 5-6 түрінің ішінен осы нұсқасын таңдаған. Бұл арбаны жасап шығару үшін өнертапқыш 5 млн. теңге қаражат жұмсаған.Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, арбаның жабдықтары заманауи материалдардан […]
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті. Көрмеге қойылған 25 фото суретте Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша […]
ОҚО-да базар сатушылары мен тұрғындарына міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді
Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша құрылған республикалық штаб мүшелері облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарымен бірге Шымкентте «Бекжан» автовокзалының күту залында қала қонақтарымен, тұрғындармен және базар сатушыларымен кездесті. Олар […]
Пікір қалдыру