ОҚО-лық өнертапқыш жасаған «Qazaq Arbasy»-ның құны 5 миллион теңгені құрайды

«Qazaq Arbasy»-ын құрастыруды Еркінбек Тәженұлы биыл бастаған. Сөйтіп 8 айда ойлап тапқан 5-6 түрінің ішінен осы нұсқасын таңдаған. Бұл арбаны жасап шығару үшін өнертапқыш 5 млн. теңге қаражат жұмсаған.Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, арбаның жабдықтары заманауи материалдардан жасалған. Сондықтан оның бағасы да қымбат. Оның үстіне көпшілігі мұхит асып, шетелден әкелінген. Мәселен, 100 ватт электр энергиясын беретін күн батареясы -АҚШ-тың өнімі. Оның ерекшелігі — салмағының жеңілдігінде. Бар-жоғы 2,5 келі тартады. Дәл осындай батареяның қытайлық нұсқасы бұған қарағанда он есе ауыр. Сондай-ақ, киіз үйдің сырты шыны мақтадан жасалған арнайы торлы матамен көлегейленген. Ол арбаның өзін және клиенттерді күн көзінен қорғау үшін қажет. Мұны да өнертапқыш АҚШ-тан әкеліпті. Бұл матаның артықшылығы, күннен келетін ыстықтың 95 пайызын кері қайтарады. Бұдан бөлек, 350 литр ұлттық сусындарды сақтауға шақталған тоңазытқыш орнатылған. Оны да өнертапқыш өзінің сызбасы бойынша Алматыдан арнайы жасатып әкелген. Себебі, зауыттарда шығарылған дайын тоңазытқыштар 20-30 сантиметрге биік, ал ол клиенттерге, әсіресе балаларға қызмет көрсетуде ыңғайсыздық тудыратын көрінеді. Қысқасы, сусындар тоңазытқышта сақталады, босаған ыдыстарды шаятын кәдімгі қолжуғыш бар. Одан күніне 30 литр таза су ағады. Мұның санитарлық-гигиеналық тазалықты қамтамасыз етуге септігі зор. Клиент тазалықты сүйеді. Сондықтан сауданың да көрігі қызатынына еш шүбә жоқ. Сонымен қатар, арба үстіндегі дүңгіршек қазақтың дәстүріне сай ерекше дизайнмен жасалғандықтан көзге өте әдемі көрінеді. Бұл шетелдік туристерді қызықтырмай қоймайтыны анық. Сонда табыс та табамыз, әрі ұлттық сусындарымызды өзгелерге насихаттаймыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*