Оңтүстікқазақстандықтар Астанада өтетін жәрменкеге 550 тоннаға шуық өнім апармақ

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндеріне орай, 2-3 қыркүйек күндері аграрлы аймақтың ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.  Жәрмеңкеге нарық бағасынан арзан құны 265 млн. теңге болатын 550 тоннаға жуық өнім шығарылады.Мұнан бөлек, республика бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жағынан көш бастайтын Оңтүстіктің өнеркәсіп туарларының көрмесі өтеді.

29-31 тамызы аралығында «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтетін көрмеге өңіріміздің тамақ және жеңіл өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары салаларының 50-ден астам кәсіпорындары қатысады. Сондай-ақ, 30 тамыз күні сағат 11.00-де Астана қаласының оқушылар сарайында «Күш атасы — Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтсе, 31 тамыз күні «Отырар дастаны», «Қазақстан барысы», «Толағай», «Қазақстан бренді» анимациялық фильмдерін Астана жұртшылығы тамашалайтын болады.

Демалыс күндері «Қазанат» ипподромында аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және ат үстінде өнері көрсетілетін болса, 3 қыркүйек күні «Этноауылда» қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және көрермендер арасында «Қошқар көтеру» сайысы ұйымдастырылады.

3 қыркүйек күні сағат 21.30-да ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда Оңтүстіктен шыққан қазақ эстрадасының жұлдыздары Нұрлан Өнербаев, Қайрат Нұртас, Алтынай Жорабаева, Жұбаныш Жексенұлы және тағы басқа да көптеген өнер майталмандары өнер көрсететін «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» атты қорытынды Гала-концерті өтеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*