М.Байғұт: Немістерде 3 әріптен болатын әріптер бар, одан немістер күйреп, қирап жатқан жоқ

Жалпы латын әрпіне көшу бастамасы осыдан 5 жыл бұрын басталған. Елбасының биылғы «Рухани жаңғыру» мақаласы жобаға айрықша дем берді. Күні кеше тіпті, еліміздің тілдерді зерттеу институты латын әрпіне көшудің бір нұсқасын ұсынды. Осыған байланысты өңіріміздегі зиялы қауым өкілдері өздерінің пікірлерін білдіруде.

Мархабат Байғұт өзге әріпке ауысу басында шамалы қиындық туатынын айтты. Сондықтан  қиындықтан қорықпай, тіпті, екі әріп тұрмақ, үш әріппен белгіленсе де, қазіргі ұсынған нұсқаны қабылдау керектігін жеткізді. Ал, өзгерістер енгізу керек болса, уақыты келгенде көре жатармыз, — деді.«Қимай тұрғанымыз да рас кирииллицаны. Бірақ кирииллицаға көшкенде де  біздің қазақ тілі көп сорақылыққа ұшырап, үндестігін жоғалтып алды. Өзіміздегі ерекше әріптерді ӨҚҰҢІӘ дегендерге бар ғой. Тағы да бір әріп табудың орнына дуграф триграф деген бар. Екі таңба үш таңбамен белгілеген жөн. Немістерде 3 әріптен болатын әріптер бар. Одан немістер күйреп, қирап жатқан жоқ» дейді жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*