Оңтүстікқазақстандықтар латын қарпіне көшуді қолдайды!

Оңтүстік Қазақстан облысы ҚХА төрағасының орынбасарлары облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили, Қазақстандағы өзбектер қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының жетекшісі Икрамжан Хашимжанов, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Байдулла Қонысбек, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Жеңісбек Мәуленқұлов, ОҚО ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, профессор Асма Қалыбекова сөз сөйлеп, елімізде уақтылы қолға алынған бастаманы бірауыздан қолдайтындығын жеткізді, Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұсынған қазақ тілінің латын графикасына негізделген əліпби жобасын осындай отырыстар мен жиындарда жан-жақты саралап, талдап, талқылауға шақырды. Бүгінде ұлттық қаріп жүйесіне реформа жүргізген Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан секілді бұрынғы Одақтас республикалардың тәжірибелерін зерделеп, олардың кемшіліктерінен сабақ алуға болатынын айрықша айтқан қатысушылар жаңа әліпби бойынша түсіндіру жұмыстарына барынша басымдық беру керек деген уәжге тоқтады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*