Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалдының төрағалығымен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» алғашқы отырысы өтті. Жиынға облыс және қала әкімдігінің мүшелері мен салаға жауапты басқарма басшылары, екінші деңгейлі банк өкілдері, құрылыс салушы компаниялар қатысты. Отырыста сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға шақырып, бүгінде құрылысын бастаған бірқатар компаниялардың ұсынған тұрғын үй жобаларына өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Аталған бағдарлама шеңберінде жеке құрылыс салушылар тарапынан ұсынысты ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) кредит беру көлемдерін кеңейту арқылы құрылыс компанияларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қаралған. Осы мақсатта жеке құрылыс салушыларға ЕДБ беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралы енгізіліп отыр. Мәселен, 2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын кредит беру мөлшерлемесінің 7%-на дейін субсидия бөлінетін болады және ол «Даму КДҚ» АҚ қаржы агенттігі арқылы беріледі. Кредит беру үшін оң қорытынды алған Жеке құрылыс салушы бағдарламаға қатысушы ретінде «Өңірлік үйлестіру кеңесіне» (ӨҮК) өтініш жасайды. ӨҮК хаттамасының негізінде ЕДБ, жеке құрылыс салушы мен «Даму КДҚ» АҚ арасында үш жақты келісім жасалады, соның шеңберінде субсидия төлеу қамтамасыз етіледі. Бағдарламаның осы бағыты бойынша толық 3 жобаның құжаттары әзірленіп, ЕДБ-ден оң қорытындысын алған «Ақмойнақ» ЖШС-нің «Тұлпар» мөлтек ауданында 2 тұрғын үй жобасы және «Мерей-ЛТД» ЖШС-нің 1 жобасына берілетін несие сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға «Өңірлік үйлестіру кеңесінен» қолдау тапты.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 60 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік көмек алған
Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қосымша 110 орындық ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, мекемеге теледидар сыйға тарту етті. Өңір басшысы ерекше күтімді қажет […]
ОҚО-да «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері әліпбидің біріңғай стандартын талқылады
«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік тілді латын қаріпіне көшіру және әліпбидің біріңғай стандарты талқыланды. Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтың айтуынша, латын […]
ОҚО-да «Рухани жаңғыру: Береке басы – бірлік» келелі жиын өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. «Рухани жаңғыру: Береке басы – бірлік» атты жиынның мақсаты […]
Пікір қалдыру