Қ.Ергөбек: Қазір көш жүріп бара жатқанда арбаның доңғалағына ағашты тыға бермеуіміз керек

Елбасының биылғы «Рухани жаңғыру» мақаласында еліміз Кирилл әрпінен латын қарпінекөшу мәселесі айтылған болатын. Осыған орай, күні кеше еліміздің тілдерді зерттеу институты латын әрпіне көшудің бір нұсқасын ұсынған еді. Бұл ұсынысқа оңтүстіктегі  зиялы қауым өкілдері өздерінің пікірлерін білдіріп жатыр.Бұл талқылауға өңір ғалымдарынан өзге түркі әлемі  әдебиет саласының майталмандары да қатысты. Солардың бірі филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек. Құлбек аға да бұл бастаманы қолдап отыр. Ең бастысы, жеделдетіп қабылдап алсақ, арғы жағы көш жүре түзеледі,-дегенге саяды. Себебі, рухани жаңғырудың бір бағыты — Кириллицадан латынға өтуде.

«Біз кириллицаға көшкенде қырғыздарда «Қ» әріпі болмай қалды. Өзбек «Ө» әріпі жоқ. Масқара болды. Әдейі жасалған болуы керек. 02:45 Болды енді осыны қабылдауымыз керек. Елбасы мұны дер кезінде күн тәртібіне көтеріп отыр деп ойлаймын. Реформа жасай беру пәлендей қиын емес. Сондықтан қазір көш жүріп бара жатқанда арбаның доңғалағына ағашты тыға бермеуіміз керек» дейді Құлбек Ергөбек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*