ОҚО-ДА ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ БІРЫҢҒАЙ НҰСҚАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮРКОЛОГ-ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері» жөнінде алқалы жиын өтті. Жиынға облыс әкімі, облыстық басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, түрколог-ғалымдар, жоғары оқу орындарының ғалымдары, тіл мамандары, магистрлер мен  студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.Басқосуда сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  латын әліпбиінің маңыздылығына ерекше тоқталып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынғанын атап өтті.

Отырысқа қатысушылар жаңа әліпбидің жобасын талқылап, түрколог ғалымдар латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасына қатысты өз пікірлерін білдірді.

Мәселен, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы «Латын әліпбиіне көшу – сананы отарсыздандыру жолындағы маңызды қадам» тақырыбына кеңінен тоқталса, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы Болатбек Тілеубердиев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен облыстағы ономастикалық атаулардың сабақтастығы» жөнінде баяндама жасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*