ОҚО әкімінің кубогі үшін арнайы Республикалық Жайдарман ойыны өтті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр кез жастармен кездесуінде — «ХХІ ғасыр — әлемнің, елдің және өз отбасының тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына ала білетін талантты жастардың ғасыры», — деп айтса, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының саны жағынан еліміздің көш басында 800 мыңға жуық жасымен ерекшеленіп тұр.Оңтүстіктің талантты жастары Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын кеңінен жастар арасында насихаттап, шығармашыл жас таланттарды қолдау мақсатында ОҚО әкімінің жүлдесі» үшін дәстүрлі Республикалық Жайдарман ойынын өткізді.Ойынға оңтүстіктің және Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Арқалық қалаларынан үздік командалары қатысты. Үздіктердің арасынан ең үздігін таңдап, облыс әкімінің жүлдесін табыстау үшін арнайы мәдениет, спорт, журналистика салаларынан арнайы қазылар алқасы да құрылған.
Жеңімпаз І орын иегері- ОҚО, «Байдың балалары» 300 000 теңге, ІІ орын иеленгені үшін «Қызылорда» құрамасы 200 000 теңге, ал ІІІ орын үшін Шымкент, «Алақай-Балақай» тобы 100 000 теңге арнайы сыйақымен марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*