ОҚО әкімі өңірдегі тіркелмеген жер мен кооператив мәселесін май шаммен қарады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен жиын өтті. Мәжіліске облыс әкімінің барлық орынбасарлары мен аудан, қала әкімдері және облыс әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.Келелі жиында тіркелмеген жер телімдері мен ауыл шаруашылығы кооперативін құру, несиелендіруді жеңілдету және аудандарды толығымен интернет желісімен қамту, компьютерлік сауаттылықты арттыру жайы қаралды. Бүгінде жер мәселесі әлі де өзектілігін жоғалтпаса, компютерді игеру заман талабы екенін айта кеткен жөн.Сондай-ақ, білім ордаларын жаңа заманауи техникамен жабдықтау мәселесі мен Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде балаларына қолдау білдіре келген ата-аналарға мүмкіндігінше жағдай қарастыру жайы сөз болды.

Отырысты қорытындылай келе әкім облыстағы мемлекетке қарасты жерлерді оңды-солды таратпау үшін облыс әкімінің орынбасары Б.Жамаловқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы жермен қоса арнайы реестр жасауды жүктеді. Сондай-ақ, экспортқа шығаратын өнімдерді сұранысқа қарай, әсіресе көкөніс пен бау-бақша өнімдері көлемін көбейтуді міндеттеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*