Оңтүстік Қазақастан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік -4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барасымен танысты. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жобаның жалпы құны 2016,7 млн теңге. Оның 350 млн теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған. Кәсіпорын 2018 жылдың шілде айында іске қосылады деп күтілуде. Жоба қуаттылығы 1,2 млн банка көкөніс консервілеу және 40 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Қазір мұнда консервілеу цехының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарға тапсырыс беріліп қойған. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын 8 дана қойма құрылысын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда сиымдылығы 5 мың тонналық 1 қойма іске қосылған. Басқа қоймалардың құрылысы аяқталу сатысында. Барлық қоймалардың жалпы сиымдылығы 40 мың тоннаны құрайды. Жұмыстың барысымен қаныққан облыс әкімі аграрлы аймақ үшін мұндай қоймалардың аса қажет екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Шымкенттегі тұрғын үйлерге су жылыту құрылғыларын орнатуды тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, өңірдегі мекемелерде энерго аудит, яғни «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» аудит жүргізу жөніндегі тиісті жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін атқаруды тапсырды.«Шымкент қаласында баламалы көздерді (күн сәулесінен) пайдалана отырып, электр қуаты […]
ОҚО әкімі өңіріміздің үздік ұстаздарын марапаттады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздің ардагер ұстаздары мен білім саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады.«Ұстаздар кәсіби мерекесі – бүкіл халықтық мереке. Әлемдегі әр адамға білім беріп, мамандық таңдаумен қатар өмір жолына бағыт […]
ОҚО-да медицина қызметкерлері марапатталды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, денсаулық саласында талмай еңбек еткен дәрігерлерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімінің құрмет Грамотасы мен Алғыс хатымен марапаттады.Мерекелік шарада сонымен қоса, өзгеде мереке иелеріне ҚР денсаулық сақтау […]
Пікір қалдыру