Созақ ауданында «күй құдыреті» байқауы өтті

Созақ аудандық  «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Сүгір Әліұлының 135 жылдығына арналған «Күй құдіреті» облыстық күйшілер байқауы өтті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан  байқаудың мақсаты — қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнерін бүгінгі ұрпақ арасында кеңінен  насихаттау, еліміздің белгілі күйші композиторларының шығармаларын халыққа таныстыру,  дәстүрлі күй орындау өнерін дамыту және талантты күйшілерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету болып табылады.Байқаудың ашылу салтанатында Сүгір Əліұлының 135 жылдығына орай Созақ ауданының 135 күйшісі «Бозінген» күйін орындады.
Дəулескер күйші С.Əліұлын еске алуға арналған өнер додасын Созақ ауданының əкімі Полатов Салыхан Сабырұлы және облыстық мəдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы құттықтау сөзбен ашып берді.Күнгейдің күйшілері сынға түскен байқауға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бас сарапшысы  Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлы,  ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, «Сырдария» университетінің профессоры, күйші-дирижер  Бөрі Иса, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Оңтүстік Қазақстан саз колледжінің аға оқытушысы  Анашев Марат Ильясұлы, А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебінің оқытушысы Жүзбаев Ерғали Әлімханұлы, күйші-композитор, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры міндетін атқарушы  Бейсеқожаев Нұрсат Саттарұлы  төрелік жасады. Байқауға облыстың барлық аудан, қалаларынан іріктеуден өткен 16-35 жас аралығындағы 26 үміткер қатысса, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Шымкент қаласының қатысушысы Қалиев Қайырбек ие болды.
Бірінші орынға Түркістан қаласынан Каумбаев Ерасыл  және созақтық  Жүзбаев Мақсат лайықты деп танылды. Шымкент қаласының үміткері  Қадубек Бақберді екінші орынмен марапатталса, үшінші орын шымкенттік Маккамбаева Аруға және Төлеби ауданынан Жолдас Ерлан, Шымкент қаласынан Дәрібаева Маржанға берілді. Созақ ауданы әкімінің арнайы жүлдесіменҚазығұрт ауданының күйшісі Шыршықбай Мақсұт марапатталды. Облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесіменСозақ ауданының қатысушысы
Асқарова Назерке марапатталды. Төлеген Момбеков атындағы арнайы жүлдесіменшымкенттік Жарқынбек Ұлданай, Генерал Асқаров атындағы арнайы жүлдеменОтырар ауданының шерпе күй шебері Ермұратов Мұхаммеджан, Тәттімбет атындағы арнайы жүлдементеріскейлік Қайырбекова Сымбат, Сүгір Әліұлы атындағы арнайы жүлдеменСарыағаш ауданының үміткері Ахметов Нұрғали марапатталды. Жеңімпаздар мен қатысушылар облыстық мəдениет басқармасы басшысының арнайы алғыс хаты жəне ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*