ОҚО-да робот техникасын құрастыратын мектеп ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы —  Шымкент қаласында робот жасау техникасының мектебі ашылды.  Бұл игі шараны  «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының мемлекеттік грантын жеңіп алған Астана қаласындағы Н. Назарбаев университетінің түлектері қолға алып отыр. Роботтарды құрастырудың алғашқы жобасы Астанада сәтті жүзеге асырылған соң жастар кибермашиналарды құрастыру негізін шымкенттік балаларға үйретуге шешім қабылдапты. 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленген түлектер бұл қаржыға ғимарат жалдап, қажетті  техника сатып алған.  Жоба жетекшілерінің бірі Саодат Естиярованың айтуынша, олар балаларға робот жасау техникасының барлық негізін үйретпек.  Бұл әдіс Астана қаласында сәтті тәжірибеден өтіпті.

«Төрт ай бойғы үйрету мерзімінде балалар электромобильдермен квадрокоптер құрастыруды үйренеді. Мұнымен қоса бағдарлама жасауды, 3D модельдеу мен басып шығару, гаджет, қосымшалар мен сайт жасауды оқиды. Маңыздысы — бағдарлама жасауға үйрету процесі ойын түрінде өтеді. Соның нәтижесінде балалар оқығандарын жақсы меңгереді», — дейді жоба жетекшісі және Назарбаев университетінің түлегі Саодат Естиярова.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*