ОҚО-да шаруалар 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне арналған мереке ерекше аталып өтті. Бұған себепте бар. Өйткені аграрлы аймақтың шаруалары 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 57 млрд теңгеге көп. Яғни, диқандар биыл 400 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйса, 116 мың тонна жеміс-жидек пен 919 мың тонна көкөніс, 295 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады.Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 29 мың га артып, 818 мың га құрады. Сонымен бірге жаңа бастамамен алғаш рет облыста 59 га жерге жаңғақ, 7 га бадамша егілді. Ал тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға, жылыжайлар 171 га салынып, жалпы 1 294 гектардан асты. Осынау жетістіктің бәрі өңірдегі еңбекқор шаруалардың ерен еңбегі деп білеміз.Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтті. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*