ОҚО-дағы «Azala Cotton» ЖШС  тоқыма иіру-ширату фабрикасы жұмысын бастады

Қазақстан Республикасындағы  тоқыма өндірісіндегі көшбасшылардың бірі — «OxyTextile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жұмыс аясын кеңейтіп отыр.  Бұл мақсатта «Azala Cotton» мен «OxyTextile» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері барлық мүліктік кешенін біріктіріп,  «Azala Cotton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылып отыр.Айта кетейік, «Azala Cotton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фабриканың қызметін қайта жандандыру бойынша 2017 жылдың наурыз айында инфрақұрылым, құрал жабдықтар және өндірістік циклді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген болатын.Қазіргі таңда, қондырғыларды іске қосу жұмыстары аяқталғанын айта кеткен жөн. Бүгінде «Azala Cotton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорынында 300-ге жуық адам жұмыс істейді.  Жалпы, өндіріс орны жылына 6 мың тонна кардалық және таралған мақта иірім жіптерін өндіруге қауқарлы. Зауыт өнімдері  ТМД мен  алыс-жақын шетелдерге экспортталады деп жоспарланып жатыр.  «Azala Cotton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл жобаны ашуға жалпы 5,4 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартқан.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*