ОҚО кооперативтер құру бойынша республикада көш бастады

Оңтүстік Қазақстан облысы кооператив құру бойынша республикада көш бастады. Қазірдің өзінде өңірде кооператив саны 158-ге жетті.  Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бринфингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. «Облысымызда ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялардың көлемі 23,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 есеге артты. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндірудегі инвестиция көлемі 9,3 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып отыр.  Сондай-ақ биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 211,4 млн. АҚШ долларына жетті. Ал, импорт көлемі 320 млн. АҚШ долларын құрады», — деді Серік Ордабекұлы.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі облыс бойынша 818,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 29,3 мың гектарға артқан. Сондай ақ, «Сыбаға» бағдарламасымен 14516 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасы негізінде 26230 бас қой, ал «Құлан» бағдарламасы аясында 2557 бас жылқы сатып алыныпты. Ал суармалы жерлердің ұлғайту бойынша 3 106 гектар жерді ағын сумен қамтамасыз етіп, 1 057 гектар суармалы жер жаңадан іске қосылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*