ОҚО-да құрылысшылардың кәсіби мерекесі аталып өтілді

Оңтүстік Қазақстан облысында «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесі аталып өтті. Тамыз айының екінші жексенбісінде тойланатын осынау мейрамда аталған кәсіп иелерін құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл саланы дамыту бүгінде мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеті болып табылатынын жеткізді.  «Құрылыс индустриясының өркендеуі, әлеуметтік маңызды нысандардың салынуы әлемдегі отыздыққа ұмтылған елімізде ерекше орын алады. Соңғы жылдары құрылыс нысандарын салуға арналған инвестициялар көлемі республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден, сонымен бірге жеке компаниялар мен фирмалардың қаржылары есебінен едәуір өсуде. Атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын-үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту сияқты әлеуметтік маңызды салаларға мемлекет тарапынан орасан зор көңіл бөлініп, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламары шеңберінде қарқын алып отыр», — деді өңір басшысы.

Саладағы осынау ақпараттармен бөліскен аймақ басшысы мұнан соң, құрылыс саласында көптеген жылдар еңбек етіп, өңірдегі бірқатар құрылыс нысандарының бой көтеруіне атсалысқан құрметті құрылысшыларды марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*