Ж.Түймебаев «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылыс жұмыстарын сынады

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі Оңстүстік Қазақстан облысымен өтер тұсында жол құрылысының бірқатар учаскелерінде пайда болған ақауларға байланысты жолдың бір жақ бөлігі жабылып, екінші жағында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары тиісті дәрежеде атқарылмау салдарынан құрылыс-монтаждау жұмыстары белгіленген уақытта аяқталмай созылып жататынын сынға алған облыс әкімі бұл жағдай, жол-көлік оқиғаларының артып, адамдардың мезгілсіз қаза болуына себеп болып жатқандығын жеткізді. Тиісті сала жетекшілеріне мердігер мекемелермен жұмысты күшейтуді жүктеді.Халықаралық маңыздағы жолдардың біршама бөлігінің сапасыз не болмаса жолаушылар үшін ыңғайсыз жасалғанына тоқталған Ж.Түймебаев шетелдік мердігер мекемелердің басшыларына жолды ретке келтіру жұмыстарын қыркүйектен кешіктірмеуді тапсырды.

Айта кетейік, халықаралық көлік дәлізі Оңтүстік өңіріндегі барлық елді мекендердің 70 пайызын кесіп өтеді. Облыс бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 837 шақырымды құрайды, оның ішінде «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» транзиттік дәлізі құрылысы үш бағытта 420 шақырымды алып жатыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*