ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Шардарада бірнеше нысанды аралап көрді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сәкен Қаныбеков пен Мәнсұрхан Махамбетов Шардара ауданына іс-сапармен барып, бірнеше нысандардың басында болды. Шардара су қоймасы жағалуында болған халық қалаулыларына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай туризм саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Қаладағы Мелдеби бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездескен Мәжіліс депутаттарына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мырзабай Нұрманов көшбасшы партияның аудандағы тыныс-тіршілігімен таныстырып шықты. Алатау батыр ауылындағы «Ырыс 2017» ауылшаруашылығы кооперативіне ат басын бұрған халық қалаулылары мал бордақылау алаңындағы ілкімді тірліктерге көңілді толды. «Мемлекеттен бөлініп жатқан жеңілдіктерге шаруалардың қолдары түгел жетіп жатыр ма?» деген Мәнсұрхан Махамбетовтің сауалына ауыл әкімі Талғат Ешенқұлов нақты дәлелдермен жауап қайтарды.
-Біздің ауылдың тұрғындары Елбасымыздың халыққа жасап жатқан игіліктерін толықтай сезініп жатыр деп айта аламын. Бір ғана «Сыбаға» бағдарламасы аясында Алатау батыр ауылында 4200 бас мүйізді ірі қараға асылдандыру жұмысы жүріп жатыр. Бізге жүктелген мал басын асылдандыру, бордақылау тапсырмалары түгелдей орындалып отыр, — деді ауыл әкімі.
Мәжіліс депутаттары мұнан кейін осы ауылдағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 900 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*