Шардарада жер реформасы түсіндірілді

Шардарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырдың төрағалығымен мәжіліс өткізілді. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі Болатбек Қыстауов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов, облыстағы бірқатар басқарма қызметкерлері, ауыл әкімдері мен шаруа қожалық төрағалары қатысты. Күн тәртібіндегі «Шардара ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған және жер реформасын түсіндіру бойынша атқарып отырған жұмыстары туралы» аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай баяндама жасады. Мұнан соң облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Тілеген, облыстық жер инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Мырзаев және басқа да сала мамандары қосымша баяндама жасады.

«Біздің мақсатымыз – жерді тиімді пайдалану. Ал, жерді пайдаланбай жатқан азаматтарға тиісті шара көруіміз керек. Жерді түгендеп қайтару бойынша әрбір ауыл әкімдері жан-жақты жұмыс жүргізулері керек. Бұл шаруа біздің бақылауымызда болады», — деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*