ОҚО-тық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов, шардаралықтарға жер кодексіндегі өзгерістерді түсіндіріп берді

Шардара ауданында өткен жер реформасы жөніндегі мәжіліс барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов жер кодексіндегі өзгерістер мен оны тиімді пайдалану жөнінде көпшіліктің пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, жиынға қатысушылардан қойылған түрлі сауалдарға жауаптар қайтарды.Сондай-ақ, Достық ауылының әкімі Толыс Батыршаев, Шардара қаласы әкімінің орынбасары Бөгенбай Сүйет, Шардара аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған тұшымды жауаптар алғанында айта кеткен жөн. Күн тәртібіндегі «Шардара ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған және жер реформасын түсіндіру бойынша атқарып отырған жұмыстары туралы» аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай баяндама жасады. Мұнан соң облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Тілеген, облыстық жер инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Мырзаев және басқа да сала мамандары қосымша баяндама жасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*