Польфарм компаниясы «Химфарм» АҚ-на 100 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция құйған

Польфарм компаниясы фармацевтикалық өнімдердің жаңа түрлерін жаңғырту және өндіру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Химфарм» АҚ-на 100 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Қазіргі уақытта компания дәрі-дәрмектер өндірушілердің арасында жетекші орын алады және отандық дәрі-дәрмектер нарығының 40 пайызын, ал еліміздегі жалпы дәрі-дәрмектер нарығының 4 пайызын қамтиды.         Жаңа цех фармацевтикалық өнімдерге қойылатын GMP талаптарына сай салынған. Қатты дәрі шығаратын өндіріс цехы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда 72 адам жұмыспен қамтылса, олардың басым бөлігі арнайы барып Polpharma тобының үздік өндіріс орындарында оқып келген. Шымкенттегі инвестициялық жобаның маңызды бөлігі болып табылатын аталмыш өндірістің құны 13,5 АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ, ҚР Үкіметі мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен SANTO компаниясының өнімдерін сатып алу кепілдігі беріліп отыр.         — Бүгін біз қатты пероральды дәрілердің жаңа өндірісін іске қостық. Бұл 2011 жылдан бері ашылған, халықаралық GMP сапа стандартына сай келетін үшінші цех. Біздің дәрі-дәрмек Қазақстан мен көрші елдердегі амбулаториялар мен стационар емдеу мекемелерінде тиімді қолданылуда. SANTO-ның тұрақты және үдемелі дамуының тағы бір жобасын сәтті аяқтағанымызды мақтан тұтамыз, — деді компанияның бас директоры Ижи Урбанец.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*