Ж.Түймебаев: ОҚО-да су қоймаларын жеделдетіп салу қажет

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен кезекті селекторлық режимдегі аппараттық мәжіліс өтті.Күн тәртібінде тасқын суларды сақтау, жинақтау және таратудың гидротехникалық құрылыстарындағы мәселелер қаралып, саладағы атқарылып жатқан жұмыстар аясында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов баяндама жасады.          Жетекшілер аймақ басшысының су тасқынының теріс әсеріне жол бермеу, сондай-ақ, жиналған суды кейіннен суғаруға пайдалану бойынша су қойма салуға болатын жерлерді анықтау тапсырмасына орай, Оңтүстікте жаңадан жобалық сыйымдылығы 320,5 млн. шаршы текше метрді құрайтын 16 сақтау орнын салуға болатынын айтты. Аталған нысандар іске қосылғанда облыста 17 мың га суармалы жер жаңадан айналымға қосылады екен. 

Келтірілген мәліметтерді мұқият тыңдаған Ж.Түймебаев жаңадан салуға болатын 16 су қоймасының 3 млн. халқы бар өңір үшін тым аз екенін айтып, жалпы жұмысты сынға алды. Бұл ретте, аймақ басшысы көршілес Жамбыл облысында 141 су қоймасының бар екенін алға тартты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*