Оңтүстіктегі «Химфарм» зауытында жылына 200 млн. таблетка шығаратын жаңа цех іске қосылды

«Химфарм» АҚ-да қатты пероральды дәрі шығаратын жаңа цех іске қосылды. Жылына 200 миллион таблетка шығаруға қауқарлы жаңа цехтың жобасы Polpharma (польфарма)  тобы мамандарының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.SANTO зауытының 135 жылдығы аясында іске қосылған цехтың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы болып Сапарбек Тұяқбаев, Польша мемлекетінің Экономикалық даму вице-министрі Тадеуш Костинский, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюробекова, сонымен бірге SANTO компаниясының бас акционерлері мен компания серіктестері және БАҚ өкілдері қатысты.

Компанияның мерейтойлық салтанатты шарасында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев зауыт басшылары мен қызметкерлерін бүгінгі қос қуанышпен құттықтады.         «Бүгін біз «Химфарм» АҚ-ның қатты дәрі шығаратын жаңа цехының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. 1882 жылы құрылған «Химфарм» АҚ республикамыздағы ескі фармацевтикалық кәсіпорындардың бірі. Бүгін міне аталған кәсіпорынға 135 жыл толып отыр. 2011 жылдың тамыз айынан кәсіпорынның серіктесі еуропалық «Polpharmagroup» компаниясы болып келеді. Кәсіпорынның өркендеп дамуына тілектестігімді білдіре отырып, ел экономикасының дамуына қосар үлестеріңіз көп болсын деймін. Зауыт жұмысшыларының істеріне сәттілік тілеймін»,- деді әкім

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*