ОҚО-дағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі рухани жаңғыру аясында өткізген бас қосуда сөз алған облыс әкімі Ж. Түймебаев жер жүзіндегі барлық халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, жеке халық, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі орасан екенін айтты.Республикалық отырыста Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, ұлттық дәстүрді негізге ала отырып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар әзірлеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік пен келісім секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды кеңінен насихаттау жайы қаралды. Айта кету керек, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде 1774 Анар кеңесі жұмыс істеуде. Кеңесте 9234 адам мүше болып табылады. Ал, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 202 Аналар кеңестері бар. 1130-дан астам мүшесі бар кеңес ажырасудың алдын алу, отбасыдағы ұрпақ тәрбиесi, жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды өзектi мәселелер төңiрегiнде 640-тан астам iс-шара ұйымдастырып, бірқатар ауқымды бастамаларды қолға алды.
Ұқсас жаңалықтар
ПАВЛОДАР МЕН БҚО ТҮРКІСТАНҒА ТАРИХИ-КИЕЛІ ОРЫНДАРДЫҢ ОРТАЛЫҒЫН САЛЫП БЕРЕДІ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Түркістан қаласына алғашқы болып Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов пен Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев келді. Қала қонақтары облыс […]
Түркістан облысының бірнеше басқармасы «Тұран.тв» телеарнасымен меморандумға отырды
Бүгінде «Тұран экспресс» компаниясы мен Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік және іскерлік байланыс жөнінде меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, аталған басқармалар […]
Келелі кездесудің берері көп
Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен түсіндіру бойынша «Үш тілді білу- ХХІ ғасыр талабы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған басқосуды облыстық […]
Пікір қалдыру