Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет 16 су қоймасы салынады. Сонымен қатар, тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыс іске асырылатынын да айта кету керек. Осының арқасында 320 млн текше метр топан су қабылдап, 17 мың гектар суармалы жер суарылмақ. Айта кету керек, зерделеу жұмыстары жыл сайын 2 млрд текше метр судың ағып кететінін көрсетті. Осы мақсатта салынатын 16 су қоймасы ауыл шаруашылығының жаңа қарқынмен дамуына да септігін тигізетіні сөзсіз. Қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен Тоғыс, Сасықбұлақ, Ақылбексай су қоймаларында 984,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2017-2019 жылдары 11,1 млрд теңгеге 4 су қоймасында (Шардара, Таушаға, Досан-Қарабас, Бөген су қоймалары) күрделі жөндеуден өткізіледі деп күтіліп отыр. Оңтүстікте жылыжай шаруашылығы да дамып келеді. Республика бойынша жылыжайдың 80%-ы біздің өңірде орналасқан. Нақты айтқанда өңіріміздегі жылыжай саны 1123-ке жетті. Олар жалпы аумағы 1250 гектар жерде орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 104 киеллі орынның тізімі жасалды
Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жобасы аясында ОҚО-да 104 киелі орынның тізімі жасақталған болатын. Оның 17-і республикалық маңызы бар тізімге енгізілген. «Домалақ ана» кесенесі солардың бірі және бірегейі саналады. Кесене Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында […]
ОҚО-да кедендік төлемдер мен салықтар 113 пайызға артқан
Оңтүстік Қазақстано блысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Дүйсенбекұлының айтуынша, 2017 жылдың 1 жартыжылдық жұмыс қорытындысымен кедендік төлемдер мен салықтар өткен жылмен салыстырғанда 3,1 млрд. теңгеге артып, 113 пайызға өскенін жеткізді.Сонымен қатар, брифингте департамент […]
ОҚО-да үш жылда 500-дей елдімекенге көгілдір отын жеткізіледі
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 70 елді мекенге газ құбырлары тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, өңірде 844 елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп […]
Пікір қалдыру