Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Еңбек күніне» арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының облыстық форумы өтті. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады.«Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен «Мәңгілік ел» идеясы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» еңбегі қоғамда үлкен серпіліс туғызып, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарларын айқындады. Біздің қазіргі қол жеткізген жетістіктеріміз – баспалдақ іспетті. Оның әрбір баспалдағы құрылысшы, ұстаз, дәрігер, ғалым, аспазшы, сақшы, егінші, қарапайым жұмысшының еңбегімен, оның маңдай терімен құралатыны айдан анық. Қазіргі таңда еліміздің экономиқалық қуатын арттыруға, мәдени мұрасын жаңғыртып, рухани әлемін байытуға өлшеусіз үлес қосып отырған Оңтүстік азаматтары біз үшін мақтаныш», — деді әкім.Бұл күні өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған 27 азаматқа облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаты, облыстық «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты, ҚР «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары да құрмет пен қошеметке бөленді.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 12 жағдай туралы ақпарат
Шымкент қаласында жаман індетті жұқтырған 12 азамат анықталды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Ауру жұқтырғандар 1956 ж, 2004 ж, 1978 ж, 1981 ж, 1977 ж, 1992 ж, 1967 ж, 1946 ж, 1969 ж, 1968 […]
Шымкентте тағы 11 адам короновирус инфекциясынан айықты
Шымкент қаласында короновирус инфекциясынан емделіп жатқан 11 науқас сырқатынан айығып шықты. Аты жаман дерттен құлан таза сауыққандардың 11- де бүгін Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. Адамзат баласына қауіп төндірген індеттің тырнағына ілігіп емдеу мекемесінде […]
Шымкентте 40 жуық бала балмұздақтан уланды
Шымкент қаласының тұрғындары балмұздақ жеп, жаппай уланып қалды. Екі күнде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен 40-қа тарта адам түскен.Аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабековтың айтуынша, науқастардың төртеуі ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Барлығы да […]
Пікір қалдыру