ОҚО-да жыл басынан бері 19 мыңнан астам жас жұмысқа орналасқан

ОҚО-да жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын ынталандыру мақсатында 2016 жылы алты, ал, 2017 жылы он кәсіпорынға, мәселен, «Стандарт цемент», «Ордабасы құс» «Завод Триумф ММС» ЖШС-гі сынды бірқатар өндіріс орындарына сенім сертификаты табыс етілген.

Облыста ұрпақтан-ұрпаққа отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері жетерлік. Мысалы үшін, Арыс қаласында еңбек өтілі 475 жыл болатын теміржолшы Жаңабаевтар династиясы тұрады. Теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан бұл әулетте 17 теміржолшы бар. Мұнан бөлек, Ордабасыда еңбек өтілі 600 жылды құрайтын ұстаздар династиясы тұрады. Ысқақовтар әулетінің 20 мүшесі мұғалімдікті меңгерген.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданындағы Юсуповтар жанұясы қаржы мамандығын таңдап, өңір экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Еңбек өтілі 128 жылды құрайтын қаржыгерлер династиясында бес азамат осы салада қызмет атқарады. Ал Түркістан қаласындағы Оразбаховтар әулеті ата жолын қуып, орманшы мамандығын меңгеріп еліміздегі «Жасыл ел» бағдарламасының іске асуына өз үлестерін қосуда. Бұл отбасының осы салада 46 жылдық еңбек өтілі бар.

Жалпы облыста Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 29,5 мың адам жұмыспен қамтылса, оның 19,2 мыңы жастар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*