ОҚО әкімі «Phoenix Global» компаниясын ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырды

Бүгінгі таңда, «Phoenix Global» компаниясының әлемдік ауыл шаруашылығын дамытуда да қосып отырған үлесі орасан. Аталмыш компания тек қана бидай егу ғана емес, күріш өсіру, өсімдік майын өндіру ісімен де айналысатынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ фермерлік шаруашылықты дамытып, бау-бақша, гүл өсіру ісінде де жеткен жетістіктері аз емес екен.

Қазірде компанияның мүмкіндіктеріне қаныққан өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы, қонақтарға облысымыздағы ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші секторларды әңгімелеп берді. Сондай-ақ алдағы уақытта ынтымақтастық негізде бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы — аграрлы өңір. Өңірде суармалы егістік көлемі 466 мың гектарға жуықтайды. Осы ретте сіздердің компанияларыңыздың әлеуеті көңіл қуантып отыр. Алдағы уақытта облыс әкімдігі мен компания ынтымақтастықты арттырып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға болатынына сенім мол», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесу соңында тараптар естелікке суретке түсіп, сый-сияпат алмасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*