ОҚО әкімі «Phoenix Global» компаниясының өкілдерімен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Phoenix Global» компаниясының ТМД және Орта Азия елдері бойынша аймақтық директоры Ашил Каул бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашалығы саласын дамыту бағытында әңгіме өрбітті.Сонымен қатар, кездесу барысында сөз алған Ашил Каул мырза өңір басшысына компанияның ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы атқарып отырған жұмыстарын баяндап бергенін айта кеткен жөн.

«Біздің компания алдағы уақытта жеміс-жидек және көкөніс кластерін дамытуға ерекше мән беріп отыр. Осы ретте Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы потенциалы қызықтыруда. Біздің компания 2016 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында елеулі еңбек етіп, өнімді сақтау әрі алғашқы өңдеуден өткізу ісімен айналысып келеді. Қазақстанда 42 мың 204 гектарға жуық жеріміз бар. Онда негізінен бидай, арпа егіліп, жем-шөп азықтарын дайындау саласына басымдық беріліп отыр», — деді «Phoenix Global» компаниясының аумақтық директоры Ашил Каул мырза.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*