Қазығұртта Нұқ пайғамбардың кемесі іспеттес ғимарат салынады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай, өңірдегі тарихи орындарды дамыту жоспарымен таныстырды. Облыстағы туристерге қызықты тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі ол Қазығұрт тауы болмақ. «Қазығұрттағы төбенің басына Нұқ пайғамбардың кемесі іспеттес ғимарат саламыз. Ол жерге келген туристер жаяу және темір жол немесе қанатты жолдар көтерілетін болады. Төменгі жағында үлкен алаңша болуы қажет. Келген түристер демалады. Сонымен қатар, мерамхана, дәмханалар салынады. Сол аңыздың негізінде Қазығұрт тауы үлкен туризм орталығына айналады» деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.Сонымен қатар, өңір басшысы Жансейіт Түймебаев мырза бұның барлығы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқанын шегелеп айтты. Оның үстіне бұл өз елімізді, жерімізді қадірлеу болса, екінші жағы туризм арқылы табыс табу. Оның үстіне осы арқылы бүткіл әлем бізді танитын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*