Өгем өзеніне гидроэлектростанциясы салынып, су құбырларын тау үстімен алып өтпек

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өгем өзенінен Сарыағаш, Мақтарал, Қазығұрт аудандарына ауыз су тарту мақсатындағы жұмыстарды да назарда ұстауды тапсырды. «Облысымызда жылда көктемгі мезгілдерде тасқын судан қауіп төнеді. Осы ретте алдағы жылы 30 шағын су қоймаларының құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Өгем өзенінің суын ауыз су реттінде пайдалануды қолға алып отырмыз. Ол үшін өзен бөктерінен гидроэлектростанциясының құрылысын жүргізіп, су құбырларын тау үстімен алып өту керек. Бұл ретте ғалымдар мен тиісті сала мамандарымен тыңғылықты жұмыс жасап, іске асырылатын жобаның құрылысын сапалы әрі тиімді етіп әзірлеуді тапсырамын », — деді Ж. Түймебаев.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 15 ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі өкілдерінің екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобы басқосқан болатын. Аталған мәжілісте Өгем өзенінен секундына 3-3,5 текше метрге дейін суды алып, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал ауданы тұрғындарына ауыз су ретінде пайдалану мәселесі қаралып, оң шешімін тапты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*