Оңтүстік бағбаншылары биыл 86 мың тонна алма жинады

 Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары 86,4 мың тонна алма жинады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өңірде 654,8 гектар жерге қарқынды алма бауы отырғызылғанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда өңірдегі қарқынды баудың жалпы көлемі 2 800 гектарға жетіп отыр. Алма өсіру – Оңтүстікте ауыл шаруашылығының басымды бағыттарының бірі екені баршаға аян. Өңірдің табиғаты қолайлы болғандықтан алма облыстың кез келген ауданында өсіруге мүмкіндік бар. Дегенмен бұл шаруашылықпен айналысуды Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Сарығаш, Ордабасы және Бәйдібек ауданының шаруалары мықтап қолға алып отыр.         Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында алма өсірумен айналысатын 100-ге жуық шаруа қожалықтары бар. Соның ішінде «Амангелді» ЖШС-гі ең ірісі саналады. Аталған серіктестік иелігінде бүгінде 530 гектар алма бауы бар. Ал, «Арсенал сад” ЖШС-гі 304 гектар жерде өз бауын жайқалтып отыр. Оңтүстік Қазақстанда өсірілген алма жемісі негізінен Қазақстанның өзге облыстарымен қатар Ресей мен Өзбекстанға экспортталады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*