ОҚО-да алманың әр көшетіне 135 теңгеден субсидия беріледі

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы қалыпты алма баудың әр гектарынан 20-30 тонна өнім алынып жатқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар,  қарқынды баудан 40-50 тоннаға дейін өнім жинауға болады. Сондықтан бүгінгі таңда мемлекет қарқынды баумен айналысам дегендерге қолдау көрсетіп жатыр. Мұнан бөлек, қарқынды баудың әр гектарына сапасына қарай 1 миллионнан 2,8 млн ға дейін субсидия берілетінін айта кету керек.Сондай-ақ, білсеңіздер отырғызылған жемістің әрбір көшетіне 135 теңге субсидия қаралған. Ал, жай баудан тек алманың апорт сұрыпына ғана субсидия беріледі.  Оның да өзіндік талаптары бар. Өйткені, мұндай бау теңіз дегейінен 900 метр биіктікте болуы шарт.  Сонымен қатар егіс көлемі 5 гектардан кем болмауы тиіс. Ал оның әр гектарына 549 мың теңгеден бастап субсидия алуға болады. Бүгінгі күнде облыс бойынша жалпы жеміс-жидектің егіс көлемі 14,4 мың гектарды құрайды. Ағымдағы жылы 108 мың тонна жеміс (2016 ж — 91.3 мың тн) жиналған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*