ОҚО: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан 21 туристтік нысан салынады

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік автодәлізінің бойынан жолаушыларға қызмет көрсететін 21 туристтік нысан салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық Сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім етті.

            Оның айтуынша, сервистік қызмет көрсететін әрбір туристік нысанға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бойынан шамамен 10 немесе 20 гектар жер бөлінетін болады. Бүгінде халықаралық стандартқа сай келетін туристік қызметтердің құру жөніндегі жоба егжей-тегжейлі жоспарланып жасалынуда.

Брифингте мәлім болғандай «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізінің бойында 440 қызмет көрсету нысандары орналасқан болса, оның ішінде, 348 нысан халықаралық стандартқа сай салынбағаны анықталған. Бұдан бөлек, халықаралық көлік дәлізінің бойында (үш бағытта) 18 елді мекен, яғни, 500-ден аса жеке тұрғын үйлер мен 41 жанар-жағармай құю бекеттері орналасқан.

Осындағы жеке тұрғын үйлердің қас-келбеттерін жаңалау мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар енгізіліп отыр. 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін  Ұлттық стандартқа сәйкес барлық нысандардың құрылыс заңдылықтарын сақтай отырып, талапқа сай болуын қамтамасыз ету көзделуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*