ОҚО әкімі қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының  төрағасы Жансейіт Түймебаев  партия филиалының бас  ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер гендерлік саясатының мәселелерін қаузағанын да айта кеткен жөн. Бұған қоса, Нәзір Төреқұловтың туылғанына 125 жыл толуын атап өту мәсілісі де айтылды. Мұнан өзге, тұрғындар  тұрғын үй кезегін жылжыту жөнінде көмек сұрады. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті орындарға тапсырмалар берді.Қоғамдық қабылдауға келген Сайрам ауданы Теспе елдімекенінің тұрғыны зейнеткер Жамалбек Пернеев   ауылдағы электр бағаналарының ескіргенін айтып шағымданды. «Ауылымыздағы электр бағаналары әбден тозып, құлаудың алдында тұр. Бұл мәселені көтьеріп, аудан басшылығына да шағым түсіргенбіз. Алайда бұл мәселенің оң шешімі болмау тұр»,- деді зейнеткер Сайрамдық Жамалбек Пернеев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*